ХАБАРЛАНДЫРУ!
Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімінің "Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамызда № 33320 болып тіркелді) сәйкес бос лауазымға конкурс жариялайды.
Мекенжайы: Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қазыбек би а/о, Құрбан ата ауылы, И.Бекетов көшесі, №2, 160500, 87784005171, nurtas_ondasinov@mail.ru, Түркістан облысының білім басқармасының Жетісай ауданының білім бөлімінің "Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Бос лауазым: "Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 жүктемедегі (1 ставка) директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
Мектептің оқыту тілі: Қазақ.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері: еңбек өтіліне қарай 220000 теңгеден ауылдық жерде.
Лауазымдық міндеттері: оқушыларды бейіндік оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді;
бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларымен бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектеп түлегінің қорытынды білім беру рейтингін қалыптастырады;
бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және жоспарлауды, әртүрлі деңгейлік бағдарламаларды енгізуді, кәсіптік бағдарлау диагностикасын ұйымдастырады және талдайды, оқушылар мен түлектердің кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады;
педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды ұйымдастыру және апробациялау бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен кездесуді ұйымдастырады;
әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау, "мектеп-ЖОО", "мектеп-колледж-ЖОО", "колледж-ЖОО" үздіксіз білім беру жүйесінде толассыз оқу жоспарлары бойынша оқыту мүмкіндігін, ғылымды зерделеуге деген кәсіби бейімділігін ашуды, одан әрі білім беруді бейіндеу мақсатында оларды тереңдетіп оқыту үшін әр түрлі цикл пәндерін дербес таңдауды қамтамасыз етеді;
жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді;
белгіленген тәртіппен есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
педагогикалық этиканың нормалары;
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі (хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Қажетті құжаттар тізбесі (nurtas_ondasinov@mail.ru электрондық поштаға немесе Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қазыбек би а/о, Құрбан ата ауылы, И.Бекетов көшесі, №2 мекен-жайдағы Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы білім беретін мектебіне қағаз түрінде ұсынуға болады):
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Осы қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
1-қосымша
____________________________________________________________________________________________ (конкурс жариялаған білім беру ұйымының атауы)
__________________________________________________________________
(кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН)
__________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс телефоны)
Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Қазіргі уақытта жұмыс істеймін
__________________________________________________________________
лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
Оқу орнының атауы |
Оқу кезеңі |
Диплом бойынша мамандығы |
|
|
|
Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні):________________
Педагогикалық жұмыс өтілі: ____________________________________
Келесі жұмыс нәтижелерім бар: _________________________________
Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда) ____________________________________________________________________________________________________________________________________
202__ жылғы «___»____________ ________________
(қолы)
2-қосымша
№ |
Өлшемшарттар |
Растайтын құжат |
Балл сандары (1-ден 20-ға дейін) |
|
|
1. |
Білім деңгейі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
Техникалық және кәсіби = 1 балл Жоғары күндізгі = 2 балл Жоғары күндізгі үздік= 3 балл Магистр = 5 балл Жоғары сыртқы/қашықтан = минус 2 балл |
|
|
2. |
Ғылыми/академиялық дәрежесі |
Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері |
PHD-доктор = 10 балл Ғылыми доктор = 10 балл Ғылыми кандидат = 10 балл |
|
|
3. |
Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау |
Сертификат |
"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл |
|
|
4. |
Біліктілік санаты |
Жеке куәлік, басқа құжат |
Екінші санат = 1 балл Бірінші санат = 2 балл Жоғары санат = 3 балл Педагог-модератор = 3 балл Педагог-сарапшы = 5 балл Педагог-зерттеуші = 7 балл Педагог-шебер = 10 балл |
|
|
5. |
Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі |
Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат |
Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл |
|
|
6. |
Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін |
Білімі туралы дипломның қосымшасы |
Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл "жақсы" = 0,5 балл |
|
|
7. |
Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат |
Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды) |
Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл |
|
|
8. |
Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері |
- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары; - дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары; - мемлекеттік награда |
1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл ғылыми жобалардың = 1 балл 2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл "Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл "Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл |
|
|
9. |
Әдістемелік қызметі |
-авторлық шығармалары, басылымдары |
ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл |
|
|
10. |
Қоғамдық-педагогикалық қызметі |
Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат |
тәлімгер = 0,5 балл ӘБ басшылығы = 2 балл Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл, үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл |
|
|
11. |
Курсқа дайындық |
- пәндік дайындық сертификаттары; - цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ, IELTS; TOEFL; DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, "Python тілінде бағдарламалау негіздері" программалары бойынша оқыту, "Microsoft" Курсера жұмыстарына оқыту Халықаралық курстар: TEFL Cambridge "CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)" CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary) DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary) "TKT Teaching Knowledge Test" Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction) Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL) "TESOL" Certificate in teaching English for young learners International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC) IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching Online Teaching for Educators: Development and Delivery Educational Management Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers Курсы на платформе Coursera, Futute learn Teaching Mathematics with Technology Special Educational Needs "Developing expertise in teaching chemistry " |
ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары = 0,5 балл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген) = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке) |
|
|
12. |
Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог |
Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты |
3 балл қосылады |
|
|
Барлығы: |
|
||||